12.01.2007, 13:08 2866

Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов мекеме ұжымына таныстырылды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған Виктор Храпуновты мекеме ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Елбасының жүктеген міндеттерін орындау үшін бар күшімді салатындығыма сендіремін",- деді В. Храпунов.

В. Храпунов 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы қаласының энергетика институты мен Алматыдағы жоғарғы партия мектебінің түлегі. Алматының энергетикалық кәсіпорындарында қызмет атқарған. 90-жылдардың басында Алматы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары , қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және көмір өнеркәсібі министрі болды. 1997 жылдың наурыз айы мен маусым айлары аралығында энергетика және минералды ресурстар министрлігіне басшылық етті. 1997 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2004 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны