04.08.2006, 12:34 4099

Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі комитет қайта құрылды

АҚТӨБЕ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті екі жаңа комитет болып қайта құрылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері. Нақтырақ айтсақ , аталған ведомство төтенше жағдайларға мемлекеттік бақылау және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті , сондай- ақ өртке қарсы қызмет комитеті болып қайта бекітілді.

АҚТӨБЕ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті екі жаңа комитет болып қайта құрылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Нақтырақ айтсақ , аталған ведомство төтенше жағдайларға мемлекеттік бақылау және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті , сондай- ақ өртке қарсы қызмет комитеті болып қайта бекітілді.

Төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов Ақтөбеде облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен кездесіп, жаңа комитеттердің облыстық басқарма басшыларын таныстырды. Атап айтқанда, төтенше жағдайларға мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық басқармасын Абай Байжомартов, ал өртке қарсы қызмет комитетін Серік Алтаев басқаратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны