30.06.2016, 19:15 7298

Төтеншеліктер шомылу маусымында сақ болуға шақырды

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайларды жою бөлімініӊ бастығы Нұржан Асибеков айтты

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайларды жою бөлімініӊ бастығы Нұржан Асибеков айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағында 320 су айдындары болса, оныӊ 41 су қоймасы, 16 көл, 82 өзен, 181 канал. Ал осы су қоймалардыӊ яғни, Тоғыс, Бадам, Шардарада жедел - құтқару жасағыныӊ құтқару бекеттері ұйымдастырылған.

"Облыс аумағында өткен жылға қарағанда биылғы жылы жазатайым оқиғадан қайтыс болған адам өлімі көбейген, соныӊ ішінде бала өлімі көп. Орташа есеппен алғанда 2016 жылдыӊ басынан бері 35 адам суға батқан оныӊ ішінде 26 жөс өспірімдер. Оқиғаныӊ көбісі шомылу аймақтарынан тыс жерде орын алған", - деді Н.Асибеков

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында төтеншеліктер орын алған жағдайдыӊ көбісі ересектердіӊ қарауынсыз қалдырылған балалардыӊ каналдарда, үйдіӊ жанында ағатын арықтарда, бассейнде суға бату жағдайы екенін айтады. Сондықтан олар барша тұрғындарға арнайы белгіленген жерде шомылып, сақ болуға шақырды. Және ата - аналарға балаларын қараусыз қалдырып кетпеуді сұрады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны