21.09.2015, 17:09 4799

Трамвай апаты: зардап шеккендер саны 5 адамға жетті

Трамвайдыӊ қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердіӊ саны 5 адамға жетті. Қазір олардыӊ бәрі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек мәлім етті. Оныӊ айтуынша, трамвай жүргізушісіне де медициналық көмек қажет болған

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Трамвайдыӊ қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердіӊ саны 5 адамға жетті. Қазір олардыӊ бәрі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек мәлім етті. Оныӊ айтуынша, трамвай жүргізушісіне де медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұған дейін аталмыш оқиға сотқа дейінгі тергеу реестрінде ҚР ҚК 345-бабыныӊ 1-тармағы бойынша тіркелген болатын. Бұл дегеніӊіз адамдардыӊ кем дегенде орта деӊгейде жарақат алуына себеп болған ЖКО-ға жол беру. Яғни, бұл оқиғдан адамдар зардап шеккені белгілі. Бастапқыда олардыӊ саны төртеу болған. Қазір бес адамға жетті, себебі трамвайдыӊ 1983 жылы туған жүргізушісіне де медициналық көмек қажет болған. Оныӊ тағлымдамадан өтуші емес екені белгілі болды. Сондай-ақ трамвайдыӊ Байтұрсынов көшесі бойымен солтүстік бағытта жылжығаны анықталды. Қарасай батыр көшесінен оӊтүстікке қарай. Машина өз жолында 14 жеӊіл автокөлікті жайпап өтті. Олардыӊ көбі тұрақта тұрғаны жақсы болды, апат кезінде жүргізушілері көліктіӊ ішінде болмаған. Көліктіӊ бір бөлігі трамваймен бір бағытта, қалғандары қарсы бағытта кетіп бара жатқан. Қазір оқиға орнында Алматы ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеушілер бірқатар сараптама тағайындады, оныӊ ішінде авто-техникалық сараптама жасайтын болады. Ол апаттыӊ орын алуына не себеп болғанын және ЖКО-ныӊ толық мән-жайын анықтауға мүмкіндік береді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Зардап шеккендер қаланыӊ медициналық мекемелеріне жеткізілді. Оқиғаныӊ бірнеше нұсқасы бар, мәселен, трамвайдыӊ жүргізушісі көліктіӊ ішінде болмаған. Сотқа дейінгі тергеу осыны нақтылайтын болады. Тергеу барысы оқиғаныӊ қалай өрбігенін әр секундына дейін зерттеп, оған не себеп болғанын анықтайтын болады", - деді Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар желіде оқиға куәгерлері түсіріп алған видео пайда болды. Онда трамвайдыӊ қасында адам жүгіріп бара жатқаны байқалады. ЖКО куәгерлерініӊ сөзінше, апат кезінде трамвайдыӊ ішінде жүргізушісі де, жолаушылар да болмаған.

Естеріӊізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда ірі ЖКО орын алды. №4 трамвай 14 жеӊіл автокөлікті жайпап кетті. Қазір Алматы ІІД анықтау басқармасыныӊ ЖКО тергеу бөлімі ҚР ҚК 345-бабыныӊ 1-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны