26.10.2015, 15:56 4259

"Трансаэро" қызметін тоқтатты

Ресейлік "Трансаэро" әуе компаниясы табиғат апатынан емес, банкрот болуына байланысты қызметін тоқтатты

Астана. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Ресейлік "Трансаэро" әуе компаниясы табиғат апатынан емес, банкрот болуына байланысты қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өйткені Росавиация оныӊ ұшуына рұқсат беретін сертификаттыӊ күшін жою туралы шешім қабылдаған. Компания жолаушыларын тасымалдау 15 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Оны "Аэрофлот" пен өзге әуе тасымалдаушылар іске асырады деп күтілуде. Ал одан кейінгі мерзімге билет сатып алған шамамен 67 мыӊ жолаушыға ақшалары кері қайтарылмақ, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Айта кетейік, 1 қазанда "Трансаэроны" банкрот деп тану туралы шешім қабылданған. Бастапқыда оныӊ акцияларыныӊ 75 пайызын "Аэрофлот" сатып алады деп күтілген. Алайда әуе тасымалдаушы компания бұл мәміледен бас тартты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны