03.04.2008, 14:01 2881

"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда

"Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Транстелеком" АҚ алдағы үш жылда бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ-ның ақпараттандыру жөніндегі атқарушы директоры Қали Ибдиев "Темір жол транспортында ақпараттық технологияларды дамыту" атты халықаралық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің компанияның мәліметтер жалғастыру желісін дамыту бағдарламасы бар. Бұл жұмыспен біздің еншілес компаниямыз - "Транстелеком" АҚ айналысады, - деді Қ. Ибдиев.

"Олар алдағы үш жылға арналған бағдарламаны бекітті, оның басты мақсаты бес мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту ", - деді ол.

"Бұл жұмыстарды аяқтаған соң біз қазіргі заманғы транспорттық ортаға ие боламыз, ол біздің ақпараттандыру жөніндегі барлық жобаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді Қ. Ибдиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны