12.08.2026, 13:01 14621

Цифрлық даму министрлігі 15 млн қазақстандықтың деректері даркнетте сатылып жатқаны туралы ақпаратты тексеруде

Цифрлық даму министрлігі 15 млн қазақстандықтың деректері даркнетте сатылып жатқаны туралы ақпаратты тексеруде
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтардың дербес деректері таралып, даркнетте жариялануы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды министрліктің бспасөз қызметінен.

Бүгінде министрлік тиісті күш құрылымдарымен бірлесе отырып жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізілуде. Оның ішінде ұсынылған деректер үлгілерін талдау және олардың ықтимал шығу көзін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде 15 млн қазақстандықтың деректері таралып кетті деген ақпарат тараған болатын. Деректер мемлекеттік eGov сервисін бұзу салдарынан алынған деген болжам да айтылуда.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі таңда электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ.

"Сонымен қатар жарияланымдарда көрсетілген ақпараттың бір бөлігі электрондық үкімет деректерінің құрылымы мен форматына сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, eGov жүйесінде жарияланымдарда көрсетілген форматтағы паспорттардың скан-көшірмелері сақталмайды, ал цифрлық құжаттардың форматы өзгеше. Даркнет пайдаланушысының деректер базасының шығу тегіне қатысты мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын растайтын дәлел бола алмайды",- деп атап өтті министрлік өкілдері.


Техникалық тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Министрлік азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауды ұсынады: SMS-кодтарды, парольдер мен ЭЦҚ деректерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және әртүрлі сервистер үшін түрлі парольдерді пайдалану.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны