23.08.2006, 14:47 3134

Ту-154 ұшағында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - Ресейдегі Қазақстан елшілігі

МИСКЕУ. 23-тамыз. Kazakhstan Today. "Пулков әуе желілері" әуе компаниясының мәліметіне сәйкес, Анапа-Санкт-Петербург бағыты бойынша ұшқан Ту-154 ұшағында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Мәскеудегі Қазақстан елшілігінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің "Пулков әуе желілері" әуе компаниясының ұшағы кеше Украинаның Донецк қаласынан 45 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақтың құлауы салдарынан нақтыланған мәліметтерге сәйкес 160 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі қаза тапты.

"Ресей президенті кеше кешке 2006-жылдың 24-тамызын Донецк түбінде қаза тапқандарға қатысты қаралы күн деп жариялау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Ертең бүкіл Ресей аумағында мемлекеттік ту түсіріледі, электронды бұқаралық ақпарат құралдарына көңіл көтеру шараларын кейінге шегеру жөнінде нұсқау берілді",- делінген елшіліктің хабарламасында. Ал аумағында ұшақ құлаған Украинада бүгін қаралы күн.

Қазір ұшақ апаты болған жерде Украина мен Ресейдің құзыретті мекемелері тергеу жүргізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны