05.07.2017, 10:48 6693

"Туған елге саяхат" пойызы өӊірлерге жүріп кетті

Теміржолшылардыӊ 200-ден астам балалары "Туған елге саяхат" теміржол туристік пойызымен Астана-Екібастұз - Алматы- Байқоӊыр - Астана бағдарымен сапарға аттанып кетті. Биылғы тамызда "Туған елге саяхат" екінші туристік пойызы Астана-Ақтау- Түркістан - Алматы-Астана бағдарына сапар шегеді.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Теміржолшылардыӊ 200-ден астам балалары "Туған елге саяхат" теміржол туристік пойызымен Астана-Екібастұз - Алматы- Байқоӊыр - Астана бағдарымен сапарға аттанып кетті. Олардыӊ қатарында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялары тобындағы кәсіпорындардыӊ балалары да бар. Балалардыӊ барлығы да шалғайда тұратын, сабақтарын үздік оқитын, көп балалы мен толық емес отбасыларыныӊ тәрбиеленушілері. Оқушылардыӊ арасында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Илеуметтік жобалар қоры, "Samruk-Kazyna Trust және "Қазақ радиосы" бірлесіп ұйымдастырған "Ғаламшарды қалай сақтап қаламыз?" байқауыныӊ жеӊімпаздары да бар.

"Балалар сапары барысында ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесімен де танысады. Екібастұздағы ірі жылу -электр орталығыныӊ қызметімен, көмір бассейнімен, Төретам станциясындағы Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ тарихымен, оӊтүстік астанадағы зоопарк, аквапаркті тамашалап, қаланы аралайды",-дейді "ҚТЖ" ҰК"АҚ Илеуметтік жобалар қорыныӊ директоры Ербол Кеӊгірбаев.

Балалар сапар барысында түрлі байқауларға, ойындарға, танымдық сабақтарға, ағылшын тілін үйрену курстарына қатысады.

Биылғы тамызда "Туған елге саяхат" екінші туристік пойызы Астана-Ақтау- Түркістан - Алматы-Астана бағдарына сапар шегеді. Туристік пойыз құрамында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ компаниялары тобы қызметкерлерініӊ балалары мен 12- 15 жасар балалар арасындағы "Болашақтыӊ қуатын көз алдымызға қалай елестетеміз?" кезекті байқауыныӊ 50 жеӊімпазы қатысады.

Байқау шілденіӊ 10-ында мәреге жетеді. Байқау туралы мәліметті балалардыӊ туристік пойызын ұйымдастырушылардыӊ әлеуметтік желілері мен ресми Интернет-сайттардан білуге болады,- деп хабарлайды "Қазақстанстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны