17.07.2018, 22:08 4477

"Туған елге саяхат" жобасыныӊ 600-ден астам қатысушысы балалар туристік пойызымен Қазақстанға саяхат жасайды

"Туған елге саяхат" жобасыныӊ алғашқы турына қатысушылар, 200 -ден астам бала күні кеше балалар туристік пойызымен Қазақстанныӊ көрнекті жерлеріне саяхат жасауға аттанып кетті.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - "Туған елге саяхат" жобасыныӊ 600-ден астам қатысушысы балалар туристік пойызымен Қазақстанға саяхат жасайды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ әлеуметтік жобалар қорыныӊ "Samruk-KazynaTrust" даму қорымен бірлесіп ұйымдастырған "Туған елге саяхат" жобасына "Самрұқ-Қазына" АҚ компаниялар тобы қызметкерлерініӊ 12 мен 15 жас аралығындағы балалары қатысады.

Жас саяхатшылар қатарына сондай-ақ, "Мен өз аймағымда нені өзгерткім келеді?"тақырыбындағы шығармашылық байқаудыӊ жеӊімпаздары да кіре алады.

Туристік пойыздыӊ жолаушылары Астана - Байқоӊыр - Түркістан - Алматы - Алакөл - Астана бағдары бойынша көрікті жерлер мен тарихи орындарды аралайды. "Туған елге саяхат" туристік пойыз жобасы үшінші жыл қатарынан шығарылып отыр. Өткен жылы оған еліміздіӊ әр түкпірінен 500-ге жуық бала қатысты. Биыл ел ішіне саяхат жасауға 600 бала аттанады",- дейді "ҚТЖ"ҰК"АҚ әлеуметтік жобалар қорыныӊ директоры Ербол Кеӊгірбаев.

Е. Кеӊгірбаев "жобаныӊ басты мақсаты балалардыӊ қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, елі ішіндегі тарихи және архитектуралық ескерткіштермен танысып, отанды сүюге тәрбиелеу, патриотизмді нығайту" екенін айтып өтті.

"Туған елге саяхат" жобасыныӊ алғашқы турына қатысушылар, 200 -ден астам бала күні кеше балалар туристік пойызымен Қазақстанныӊ көрнекті жерлеріне саяхат жасауға аттанып кетті.

Туристік пойыз 2014 жылы шығарылған 7 купелік вагон мен 2 вагон-мейрамханадан жасақталған. Аттанар алдында вагондар нормативтік-техникалық талапқа сәйкес тиісті техникалық дайындықтан өткен. Пойыз жаӊа төсек-орын жабдықтарымен қамтылған. Балаларды дайындығы жоғары тәжірибелі деген пойыз бригадаларыныӊ қызметкерлері алып жүреді.

Балалар туристік пойызы жүріп өтетін жалпы қашықтық үш тур бағдары бойынша 5134 километрді құрайды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны