30.09.2017, 11:48 6792

"Туған жер" форумына қатысушылар Ақтөбе облысыныӊ дамуына 5 млрд. теӊге аударады

Ақтөбе қаласында мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған "Туған жер" республикалық форумы өтуде.

Ақтөбе. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласында мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған "Туған жер" республикалық форумы өтуде.

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумныӊ жұмысына әлемніӊ 21 елінен 300-ге тарта белгілі ақтөбелік жерлестер қатысты. Форум барысында олар жалпы сомасы 5 млрд. теӊге болатын әлеуметтік маӊызы бар жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді. Атап айтқанда, көмек білім беру мекемелерініӊ материалдық-техникалық жабдықталуына, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, бала-бақшалар мен "Батыр аналарға тағзым" кешенін салу, пайдалануға беруге, агроөнеркәсіптік кешендегі бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталады.

Осылайша, республикалық форум "Туған жерге тағзым" акциясыныӊ ауқымын кеӊейтуге себепші болды. Ағымдағы жылдыӊ басынан бері осы акция аясында облыста 1,3 млрд теӊгеден астам сомаға 379 жоба іске асырылды. Демеушілердіӊ қаражатына бірнеше әлеуметтік нысандар құрылып, заманға сай жабдықталды, елді мекендер абаттандырылды, жолдар жөнделді және облыс тұрғындарыныӊ басқа да маӊызды мәселелері шешілуде.

Форум аясында 80 млрд теӊгеден астам сомаға ірі әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру туралы 20 меморандумға қол қойылғанын атап өту керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны