30.09.2017, 12:01 6839

"Туған жер" форумыныӊ қатысушыларына Ақтөбе облысыныӊ мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары таныстырылды

Өӊірде мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі механизмдері арқылы 125 жоба жүзеге асырылуда. Жеке инвестициялардыӊ жалпы көлемі 50 млрд. теӊгені құрайды.

Ақтөбе. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "Туған жер" республикасыныӊ қатысушылары - вице-министрлер, облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар мемлекет басшысыныӊ мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бойынша тапсырмаларыныӊ жүзеге асырылу барысымен танысты.

Өӊірде мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі механизмдері арқылы 125 жоба жүзеге асырылуда. Жеке инвестициялардыӊ жалпы көлемі 50 млрд. теӊгені құрайды.

Жуырда іске қосылатын мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларыныӊ қатарында балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетін "Дару жарығы" офтольмологиялық орталығы бар. Жоба құны - 3,2 млрд. теӊге.

Сондай-ақ, жалпы құны 2 млрд. теӊге болатын Неке қию сарайы мен тарихи-өлкетану мұражайыныӊ жаӊа ғимаратын тұрғызу мен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетейік, өӊірдегі кәсіпкерлердіӊ әлеуметтік жауапкершілігініӊ арқасында Ақтөбеде мұражай саны артты. "Аналарға тағзым" мұражай үйі барлық қазақстандық аналарға тарту ретінде салынбақ. Мұражай кешенініӊ алдына Ұлы Отан соғысыныӊ батыр әйелдері Илия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановаға арнап ескерткіш орнатылады.

Президенттіӊ "Туған жер" жобасыныӊ іс жүзінде жүзеге асырылуы болып табылатын көптен күткен Хоккей модулініӊ ашылуы өткен жазда болды. Бұл - қысқы спорт түрлерін дамыту үшін тәуелсіздік жылдарында салынған өӊірдегі алғашқы спорт құрылысы. Жаттығу кешенінде тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректіӊ болашақ чемпиондарын даярлайды. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорабы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби тұрғыда айналысуға арналған. Кешен құны құрылысты, құрал-жабдықтармен жарақтандыруды және абаттандыруды есептегенде 544 млн-нан астам теӊгені құрады.

Сондай-ақ, форум қонақтары "Мейірім" әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын балалар үйініӊ түлектері мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалардыӊ жағдайымен таныстырылды. Бүгінде Қазақстанда баламасы жоқ кешенде 16-29 жас аралығындағы тоқсанға тарта жас тұрады. Аумағы үш гектар болатын жер телімінде алаӊы 43 шаршы метрлік, жаӊа жиhаздармен және қажетті коммуникациялармен жарақтанған жайлы

пәтерлері бар екі қабатты төрт таунхаус салынған. Тәрбиеленушілер кешен аумағында орналасқан оқу-өндірістік алаӊдар, шаштараз, гүл дүкені, жылыжай, аяқ киім жөндеу цехы мен тігін цехы жанынан кәсіпке даярланып, еӊбек тәжірибесінен өтеді және жалақысын ала отырып еӊбектене алады. Жобаныӊ инвесторы - оныӊ жүзеге асырылуына 1,4 млрд. теӊге бөлген "Сәби" жеке меншік қайырымдылық қоры болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны