10.12.2018, 01:07 6314

"Туған жерім" атты XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауыныӊ лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Рәсім соӊында қонақтарға Елбасы кітапханасы бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 4 желтоқсанындаЕлбасы кітапханасында "Туған жерім" XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауыныӊ, сондай-аққосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі "Туған өлкем" республикалық бағдарламасыныӊ лауреаттарын марапаттаурәсімі өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен 2005 жылдан бастап "Балалық шақтан көзқарас"жобасын жүзеге асырып келе жатқан ЮНЕСКО клубы - Балалар көркемсурет мектебі ұйымдастырды.

2018 жылы Елбасы кітапханасыныӊ жаӊа жобасы - балалар шығармашылығын және қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі "Туған өлкем" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Жоба "Рухани жаӊғыру" атты Н.И. Назарбаевтыӊ бағдарламалық мақаласын қолдай түсті. Бағдарлама Қазақстанныӊ барлық аймақтарында қосымша білім беру ұйымдарына баса көӊіл бөлугешақырады. Бағдарламаныӊ алғашқы жылында Елбасыныӊ кітапханасы музейініӊкөрмесіне Семей, Павлодар, Шымкент және Екібастұз қалаларындағы балалар көркемсуерт мектебі түлектерініӊ дипломдық жұмыстары қойылды. Астананыӊ 20 жылдығында "Туған өлкем" бағдарламасыныӊ барлық көрмелері елорда мерейтойына арналады. Көрме нәтижесі бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстармен қатар, сайысқа қатысқан әр мектептіӊ үздік оқытушысын анықтады. Төрт көрмеге түрлі техника мен жанрда орындалған 300-ге жуық жұмыс қатысты. Олардыӊ үздігі Назарбаев орталығы ғимаратыныӊқорытынды көрмесінде ұсынылды.

- "Туған жерім" республикалық конкурсыныӊ жеӊімпаздарымен Елбасы кітапханасында Тәуелсіздік күні қарсаӊында қауышу - үлкен қуаныш. "Балалық шақтан көзқарас" жобасы мен "Туған өлкем" республикалық бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырудыӊ да қуантарлық жағдай екенін айта кеткен жөн. Осы орайда әріптестерімізге, ұстаздар мен оқушыларға атқарылған ортақ жұмыс үшін үлкен алғыс айтамыз. Келер жыл жаӊа кездесулер мен тыӊ көрмелерге толы болмақ. Дарынды жастарымыздыӊ жұмысы ұсынылған бүгінгі көрме олардыӊ шымылдығын ашқалы отыр, - деді Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары Имірхан Рахымжанов.

"Туған жерім" халықаралық балалар шығармашылығыныӊ байқауы 2004 жылдан бастап Тәуелсіздік күні қарсаӊында өткізіліп келеді.Аталмыш жобаны Қазақстанныӊ мәдени мұрасы меншығармашылық бастамаларын қолдау жөніндегі "Байта"қайырымдылық қоры алға тартқан. ЮНЕСКО клубы - Балалар көркемсурет мектебі үйлестіретін конкурсқакөркемсурет мектептерініӊ, не болмаса бейнелеу өнері үйірмелерініӊ9 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары қатысады. Сайыста үздік атанған жұмыстар 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітананасыныӊ төрінде көпшілік назарына ұсынылып келеді.

Көкжиегін кеӊейткен шығармашылық байқау бүгінде халықаралық деӊгейге шығып отыр. Жыл сайын конкурстыӊ шарттары ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Биылғы шартқа сәйкес, тігін өнеріндегіқұрақ құрау техникасы негізге алынып отыр. Көрмеде конкурс финалистерініӊ 50 жұмысы ұсынылған.

- Байқаудыӊ ұйымдастыру жұмыстарына ат салысуымыз алғаш емес. Бізбен жылда ортақ жұмыс атқарып, шығармашылығымызды қолдайтын Елбасы кітапханасынабасымызды иіп, Астанадағы Балалар көркемсурет мектебіне алғысымызды айтамыз. Бүгінгі көрмеге көз жүгіртіп, сан алуан техникалардыӊ молшылығына таӊ қалдық. Мұныӊ бәрі, сөзсіз, балалармен жұмыс істеп жатқан ұстаздардыӊ еӊбегі. 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан конкурстыӊ өзі үлкен құбылыс. Аталмыш байқау алдағы уақытта табысты жалғасын таба берсін! - деді ҚР еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері Нелли Ширвина.

"Туған жерім" XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауыныӊ жеӊімпаздарына естелік сыйлықтар мен дипломдарды ҚР еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері Нелли Ширвина, Қазақстанныӊ құрақ құрау шеберлері қауымдастығыныӊ президенті Тамара Штрошерер, Астана қ. Балалар көркемсурет мектебініӊ директоры Гүлзия Исенова, Астана суретшілері одағы басқармасыныӊ төрағасы Жанұзақ Мүсәпір табыстады.

"Туған жерім" XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауыныӊ ІІІ дәределі дипломымен Алина Жалғасқұлова, Тұмарханым Сұлтанбек, Аида Еркобай, Арайлым Қайролла, Анастасия Боровская марапатталды. ІІ дәрежелі дипломды Асемай Түгелбаева, Малика Дулатова, Балжан Икімжанова, Зульфия Муфе иеленді. I дәрежелі дипломға Карина Иляхунова,Ақжол Карағұлов, Сағыныш Қайролла, Полина Холевич ие болды. Байқаудыӊ басты жүлдесін Қымбат Тілемісова, Ева Штрошерер, Екатерина Кривилева қанжығасына байлады.

Қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі "Туған өлкем" республикалық бағдарламасыныӊ лауреаттары болып Зухра Тұрсынбекова, Анастасия Прокопцева, Мейраш Асылтасова аталды.

Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары Имірхан Рахымжанов үздік ұстаздар ретінде Жеӊіс Мұқышев, Светлан Рейн, Қалия Қарабаева, Ольга Астапенко, Алексей Смирнов сынды суретшілерді марапаттады.

Іс-шараныӊ музыкалық сүйемелдеуіне Астана қ. №1 Балалар музыка мектебініӊ "Серпер" домбыра ансамблі, Астана, Павлодар, Семей, Екібастұз қалаларынан келген республикалық, халықаралық өнер байқауларыныӊ лауреаттары ат салысты.

Рәсім соӊында қонақтарға Елбасы кітапханасы бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны