02.10.2015, 18:12 5128

"Тұйық су" аӊғарында үздік альпинист әскери қызметшілерді анықтады

Таулы екісайыс бойынша алғашқы ашық турнир Алматы маӊындағы "Тұйық су" шатқалында аяқталды. Екі күн бойы Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерініӊ 47 әскери қызметшісі жеті команданыӊ құрамында ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ кубогы және таулы жартасқа өрмелеу шеберлері атану құқығына бақ сынасты

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Таулы екісайыс бойынша алғашқы ашық турнир Алматы маӊындағы "Тұйық су" шатқалында аяқталды. Екі күн бойы Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерініӊ 47 әскери қызметшісі жеті команданыӊ құрамында ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ кубогы және таулы жартасқа өрмелеу шеберлері атану құқығына бақ сынасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Таулы екісайыс 100 метрге көтерілу және 500 метрге тауға шығуды қамтиды. Қашықтықты өте отырып, спортшылар жергілікті таулы жер бедерініӊ ерекшеліктерін меӊгере отырып, таулы кедергілерді еӊсереді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл тапсырмаларды 32356 әскери бөлімініӊ командасы бәрінен жақсы орындады, жалпыкомандалық есепте 22750 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері екінші орынға табан тіреді, үшінші орынға 41443 әскери бөлімі орнықты. 500 метрге тауға жеке жүгіруде еӊ шапшаӊ және кәсіпқой 32356 әскери бөлімініӊ 3-сыныпты сержанты Рафкат Байғазин, капитан Ринат Жылқыбаев және 22750 әскери бөлімінен лейтенант Вадим Романов болды.

Таулы екісайыс бойынша алғашқы ашық турнирдіӊ жеӊімпаздары өздерініӊ марапаттарын альпинизмнен еӊбек сіӊірген спорт шебері, дарынды және әйгілі спортшылар ҚР ҚМ АОСК аға лейтенанты Мақсұт Жұмаев пен ҚР ҚМ АОСК лейтенанты Василий Пивцов, сондай-ақ ҚР ҚМ АОСК Спорт комитеті төрағасыныӊ бірінші орынбасары полковник Марат Бралиновтыӊ қолынан алды.

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ таулы даярлық жөніндегі мамандары мен нұсқаушылары турнирге қатысушылар тауға өрмелеудіӊ жоғары деӊгейдегі шеберліктерін көрсеткенін атап өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны