12.06.2015, 16:59 5810

Түлектердiӊ 82%-ы 50 балдық шектi деӊгейден өттi

"Жоғары оқу орындарына түсу үшiн 50 балдық шектi деӊгейден өткен түлектер саны биыл 5 пайызға өсiп, 82 пайызды құрады. Былтыр бұл көрсеткiш 77 пайыз болатын", - дедi С.Нүсiпов

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Биылғы жылғы Ұлттық бiрыӊғай тестiлеу қорытындысы бойынша сынақ тапсырған түлектердiӊ 82%-ы 50 балдық шектi деӊгейден өттi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiӊ баспасөз мәслихатында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiӊ комитет төрағасы Саят Нүсiпов мәлiм еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жоғары оқу орындарына түсу үшiн 50 балдық шектi деӊгейден өткен түлектер саны биыл 5 пайызға өсiп, 82 пайызды құрады. Былтыр бұл көрсеткiш 77 пайыз болатын", - дедi С.Нүсiпов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оныӊ хабарлауынша, биыл бес оқушы 125 балл жинаған.

"Олар - Тараз қаласы қазақ классикалық гимназиясыныӊ түлегi Гүлназ Ердосова, Астана қаласы 59 мектеп-лицей оқушысы Риана Мұстафина, Батыс Қазақстан облысы Теректi ауданы лингвистикалық гимназия оқушысы Сымбат Самат, Оӊтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданыныӊ үш тiлде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатыныӊ түлегi Лаура Ибдазимова және Алматы қаласыныӊ лицей оқушысы Анастасия Яковлева", - дедi ол.

Комитет төрағасыныӊ мәлiметiнше, биыл 100-ден жоғары балл жинаған оқушылардыӊ саны 17,4 пайызды құрады.

"Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Жалпы саны 14 420 бала болды", - дедi С.Нүсiпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны