04.10.2016, 17:54 5857

Түлкібас ауданында демалыс-емдеу орталығы ашылды

Мұнда 244 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. 32 адам жаӊа жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкер 52 млн қаржы жұмсаған.

Шымкент. 4 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ әрбір өӊірдіӊ өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен, дәрілік шөбі көп Кемербастау ауылында демалыс-емдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тамаша табиғат аясындағы орталықта саумал ішіп, таза ауада атқа мініп серуендеуге жағдай жасалған. Мұнда 244 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. 32 адам жаӊа жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкер 52 млн қаржы жұмсаған.

Осылайша, таза ауасыныӊ өзі жанға шипа Түлкібас өӊірінде бүгінде бірнеше емдеу, сауықтыру орталықтары орналасып, жыл сайын сауықтыру орталықтарына келушілер саны артуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау саласындағы 2016 жылдыӊ 1 cәуіріне атқарған жұмыстары туралы ақпаратта былай делінген:

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ іске асырылуы:

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес жалпы 14 373,4 млн.теӊге бөлініп, 57 200 адам қамтылатыны жоспарланды.

2016 жылдыӊ 1 сәуіріне 16 040 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (жылдық жоспардыӊ 28,0 % құрады). Оныӊ ішінде: өздігінше жұмыспен қамтылғандардыӊ саны 3 967 адам (жылдық жоспардыӊ 22,8 % құрады); жұмыссыздар - 12 073 адам (жылдық жоспардыӊ 30,3 % құрады); аз қамтамасыз етілгендер - 746 адам (жылдық жоспардыӊ 16,6 % құрады).

1. Бірінші бағыт "Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету"

Жалпы 2016 жылы 84 жобаны (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары) жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4,0 млрд.теӊге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 1511 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оныӊ 775 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2. Екінші бағыт "Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға" облыс бойынша 2016 жылға 7 247,776 млн.теӊгебөлінген, оныӊ ішінде: 7 237,5 млн.теӊгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына, 10,276 млн.теӊгесі 514 адамды кәсіпкерліктіӊ негіздерін оқытуға қаралған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны