04.10.2016, 09:00 5174

Түлкібас ауданыныӊ Келтемашат ауылында ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынуда

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, елдімекендерді аралады, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 4 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, елдімекендерді аралады, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алдымен, жұмысшы топ Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияныӊ құрылысымен танысты. Амбулатория құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан "Ақ Нұр-строй" ЖШС-ніӊ өкілімен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды міндеттеді.

Сонымен қатар облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков Састөбе поселкесіндегі апатты деп танылған аурухана мен күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйінде болып, алдағы жылдары қаржы бөліп, аталған нысандарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге құжаттарын дайындауды тапсырды.

Сондай-ақ, ол "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Азаттық ауылындағы мәдениет үйі мен алдағы күні ел игілігіне берілетін Т.Рысқұлов ауылындағы 600 орындық мектептіӊ құрылысымен танысты.

Іс-сапардыӊ жалғасы аудан әкімдігінде жалғасып, облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібековтіӊ қатысуымен ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында жиын өткізілді.

Анықтамалық ақпарат ретінде Түлкібас ауданы атауыныӊ шығу тарихынан бірер мәлімет:

О баста бұл жер Майлыкент аталған екен. Осы Майлыкент өӊірінде Түлкібас деген әулие кісі өмір сүріпті. Кезінде елге көп жақсылығы тиген, әр түрлі ауруларды емдеп, жазыпты. Өзініӊ әулиелігіне қарамай ол кісі өте қарапайым болғанға ұқсайды. Бірақ ел ішінде оған сенбейтін, күле қарайтын адамдар да бар екен. Қасиетті Түлкібас оған еш мән бермеген. Бір күні Түлкібас әулие қазіргі Түлкібас ауданыныӊ орталығы "Ванновка" мен "Азаттылық" колхозыныӊ шекарасында орналасқан Қосемшек деген төбеніӊ етегіндегі өзенге түйесін суғармақ болып жетелеп бара жатады. Сол кезде оған сенбейтін, сол ауылдыӊ біраз адаИмы артынан әжуалай қарап, күліп тұрады. Бұған шыдамаған Түлкібас әулие артына қарап, әлгі адамдарға түкіріп қалыпты. Сол сәтте олар езіліп кетіп, барлығы он екі адам бір-бір бастауға, бұлаққа айналады. Осыдан бастап ел оныӊ қасиеттілігіне сене бастайды. Кейіннен ауырған адамдар қасиетті әулиеніӊ түкірігі бар деп, сол бастаудан су ішетін болыпты.

Сонымен Түлкібас әулие өмірініӊ соӊына дейін жұртты емдеп, елге көп жақсылық істеген. Өлер алдында ол кісі былай деп айтқан екен: "Мен өлген соӊ мені Қосемшектіӊ жоғары төбесіне жерлеӊдер. Үстіне үш дәу тас әкеліп, біреуін оӊға, біреуін солға, біреуін аспанға қаратып қойыӊдар", депті. Оныӊ бұл тілегін халқы өзгеріссіз орындапты.

Күндердіӊ күнінде осы елге жау шабады. Бірақ елге жақындағанда жаудыӊ аттары аяқтарын алға баспай қойыпты. Ибден әуреге түскен жау аттарын алға бастыра алмаған соӊ кері қайтады. Естіген ел аӊ-таӊ қалады. Кейін Түлкібас әулиеніӊ үстіндегі оӊ жаққа қарап тұрған тастыӊ жоқ болғанын көрген жұрт бұл кереметтіӊ сырына түсінгендей болыпты.

Тағы бір жылы қатты қуаӊшылық болады. Көктен бір тамшы тамбай ел ашаршылыққа ұшырайды. Сол кезде бүкіл ел жиылып, елдіӊ беделді бір адамын басшылыққа алып Түлкібас әулиеніӊ басына келіп жалбарынады. Илгі елдіӊ беделді кісісі: "Егер осыдан көмектессеӊ, атыӊды өмір бойы ұмытпаймыз",- дейді.

Сол кезде қабірініӊ үстіндегі аспанға қарап тұрған тас домалап түсіпті. Тастыӊ үлкендігі сонша-сол тастан бірталай адам мерт болалы. Дәл сол мезетте аспанды бұлт торлап, жаӊбыр сіркірейді, артынша ақ жауынға айналады.

Содан соӊ жұрт уәде бойынша сол өӊірге "Түлкібас" атын беріпті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны