29.10.2015, 14:34 4009

"Тұлпар-Тальго" пойыздарына қосымша жеӊілдіктер

Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылдыӊ 30 қазанынан бастап кейбір "Тұлпар-Тальго" пойыздарына қосымша жеӊілдіктер енгізілетінін хабарлайды.

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылдыӊ 30 қазанынан бастап кейбір "Тұлпар-Тальго" пойыздарына қосымша жеӊілдіктер енгізілетінін хабарлайды. Атап айтқанда, №90 "Қызылорда - Астана" пойызына (Қызылордадан шыққанда) 20 пайыз көлемінде жеӊілдік қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бөлек келесі пойыздарға аптаныӊ әр күндеріне орай төмендегідей жеӊілдіктер белгіленді:

-№1 "Алматы - Астана" және №701 "Алматы - Петропавловск" пойыздарына аптаныӊ жұма мен сенбі күндері 15% жеӊілдік қарастырылған;

- №2 "Астана - Алматы" және №702 "Петропавловск - Алматы" пойыздарына аптаныӊ дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 10% жеӊілдік қарастырылған;

- №67 "Защита - Астана" дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері 15% жеӊілдік қарастырылған;

- №68 "Астана - Защита" дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 15% жеӊілдік қарастырылған.

Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді икемді жеӊілдіктер мен жолаушылардыӊ 3 тобына арналған дисконтты карталардыӊ да күші сақталады:

1) "Құрмет" -60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;

2) "Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;

3) "Саяхатшы" -тұрақты жолаушылар үшін 10% до 20%.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны