28.07.2015, 11:07 3712

Тұлпар-Тальго" пойызына жаӊа жеӊілдіктер

Бұдан бөлек, барлық "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойыздарыныӊ (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғарғы орындарына 5% көлемінде жеӊілдіктер қарастырылған

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылдыӊ 1 тамызынан бастап күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10% жеӊілдіктер енгізілгенін хабарлайды;

- №35 Алматы-Шымкент бағытына;

- №49 Алматы-Ақтөбе бағытына;

- №50 Ақтөбе-Алматы бағытына;

- №78 Атырау-Алматы бағытына;

- №90 Қызылорда-Астана бағытына.

Бұдан бөлек, барлық "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойыздарыныӊ (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғарғы орындарына 5% көлемінде жеӊілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл жеӊілдіктер бұған дейін белгіленген жеӊілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отырғанын айта кету керек.

Сондай-ақ, 2015 жылдыӊ 1 тамызынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Құрмет" (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және

"Жастар" (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталарға қазіргі 10 пайыздық жеӊілдікті 30 пайызға дейін көбейткенін хабарлдайды.

"Саяхатшы" дисконтты картасы - жүрдек пойыздарда соӊғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:

И 100 000 теӊгеден 150 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік көлемі - 10 пайыз;

И 150 001 теӊгеден 200 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік құны - 15 пайыз;

И 200 001 теӊгеден жоғары, жеӊілдік көлемі - 20 пайыз жеӊілдіктер қаратырылған.

Қосыша ақпаратты темір жол вокзалдарыныӊ анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны