20.10.2015, 18:14 4302

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы жаӊа қызмет

2015 жылдыӊ 20 қазанынан бастап "Астана-Алматы" және "Алматы-Петропавл" бағытында қатынайтын "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ 4 құрамында мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылады

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 20 қазанынан бастап "Астана-Алматы" және "Алматы-Петропавл" бағытында қатынайтын "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ 4 құрамында мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Портал жолаушыларға алуан жанрдағы фильмдерден, әртүрлі ойындардан тағы басқа да қызметтерден тұратын медиатекаға қосылуға мүмкіндік береді. Онда отандық және әлемдік кинофильмдер мен мультфильмдердіӊ ауқымды топтамасы жинақталған және олар мүмкіндігінше жаӊа өнімдермен жаӊғыртылып отырады. Барлық медиаконтентті жоғары сапада тамашалауға болады

Сондай-ақ, жолаушылар портал арқылы пойыздардыӊ жүру кестесімен танысып, қажетті қаладағы қонақүй немесе такси бағасын анықтап, түрлі жаӊалықтарды оқып, сервис және қызмет көрсету сапасына қатысты өз пікірі мен ой-ұсыныстарын жазып қалдыра алады.

Мультимедиялық порталға қосылу "Гранд", "Бизнес" және "Турист" вагондарыныӊ барлық жолаушылары үшін тегін. "Гранд" пен "Бизнес" жолаушылары видеотеканы толық тегін көрсе, "Турист" вагоныныӊ жолаушылары тек фильмдерді ғана қалауынша қосымша ақы төлеп тамашалай алады.

Осы жылдыӊ аяғына дейін бұл қызмет "Тұлпар-Тальго" барлық 12 бағыттарында енгізілмек.

Сонымен қатар, жуырда "Тұлпар-Тальго" пойыздарымен пошталық корреспонденцияларды жедел тасымалдау қызметі ("Қазпошта" АҚ бірге) де іске қосылмақшы.

Қазірдіӊ өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан "Қазпошта" нүктелерінде салмағы 3 кг дейінгі сәлемдемелер қабылдана бастады. Сізідіӊ сәлмемдемеӊіз енді тәулікке жетпейтін уақытта пойызбен діттеген жеріне жедел жекізілмек.

Жылдыӊ соӊына дейін бұл қызмет облыс орталықтарын түгелдей дерлік қамтитын болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны