17.11.2009, 18:05 3402

Тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің бағасы бақылау аясында - Денсаулық сақтау министрлігі

Тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің бағасы бақылау аясында - Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің бағасы бақылау аясында. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәулетбек Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәулетбек Есімовтың қатысуымен "Медициналық және фармацевтикалық қызмет объектілерін тексерудің жаңа тәсілдері" атты брифинг өтті.

"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының заңына түзетулер қабылданғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы субьектілерін тексеруді жоспарлау және жүргізу тәсілдері айтарлықтай өзгерді. Бұл түзетулер субъектілерге әкімшілік жүктемені төмендетуге және бақылау-қадағалау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 11 мыңнан астам денсаулық сақтау объектілері, 9 мыңнан астам фармацевтикалық қызмет объектілері жұмыс істейді.

Жоспарлы тексерулер медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттардың айналымы салаларында тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес әзірленуі тиіс жоспарлар бойынша жүргізіледі. Тәуекел деңгейлері тексерілетін объектінің қызметінде болатын тәуекел және оның дәрежесі есепке алынып белгіленген.

Жоспарлы тексерулердің мынадай кезеңділігі айқындалған: тәуекелі жоғары деңгей - жылына бір рет; тәуекелі орташа деңгей - үш жылда бір рет; тәуекелі болмашы деңгей - бес жылда бір рет.

Тәуекелдің тобын анықтарда мына көрсеткіштер ескерілді: объективті (бақылау нысаны, қызмет түрі, медициналық көмек көрсету түрі, медициналық және дәрілік көмек көрсетуінің сапасын айқындайтын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштері); субъективті (анықталған заң бұзушылықтардың сипаты, оларды жоюға бағытталған шаралардың нәтижелілігі; тиісті фармацевтикалық тәжірибенің халықаралық және ұлттық стандарттарын енгізуі, аккредиттенуі).

Тәуекелі жоғары тобына басым бағыттар бойынша стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін субъектілер - балалар және босандыру ұйымдары, хирургиялық стационарлар, онкологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдар, сондай-ақ жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін субъектілер, санитарлық авиация мен апаттар медицинасы саласындағы ұйымдар жатады; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын көтерме саудада сатуды, өндіруді (дайындауды) жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілері.

тәуекелі орташа тобына басым бағыттарды қоспағанда, стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық- емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері; сапа менеджменті жүйесін енгізген (ИСО 9001) өндіруші ұйымдар, көтерме және бөлшек саудада сату объектілері жатады.

Тәуекелі болмашы тобына қалыпқа келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім; тиісті фармацевтикалық тәжірибенің мемлекеттік стандарттарын енгізген өндіруші ұйымдар, көтерме және бөлшек саудада сату объектілері жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны