31.01.2015, 16:20 6934

Тұӊғыш рет Қазақстан әскери-әуе күштерініӊ сержанттары ақш-та білім ататын болды

ҚР ҚК Искери-әуе күштерініӊ сержанттары АҚШ-та арнайы курстардан өтеді. Осындай тәжірибені іс жүзіне 2016 жылы енгізу жоспарлануда

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Искери-әуе күштерініӊ сержанттары АҚШ-та арнайы курстардан өтеді. Осындай тәжірибені іс жүзіне 2016 жылы енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар жоспарда АҚШ ИИК техникалық мектептері мен сержанттық құрамға арналған білім беру жоспарларын жасау орталықтарында тұрақты оқуларды ұйымдастыру көзделген. Осылайша, қазақстандық әскери қызметшілер техникалық мектеп мамандарын, нұсқаушыларды даярлау әдістерін тереӊінен зерттеп, оны біздіӊ елде одан әрі енгізуге мүмкіншілік алады, Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл уағдаластық екі мемлекет Искери-әуе күштерініӊ сержанттары арасында орнатылған болатын. Естеріӊізге сала кетсек, Қазақстан және АҚШ қарулы күштері сержанттық құрамдарыныӊ симпозиумы Астана қаласында ағымдағы жылдыӊ 26-30 қаӊтар аралығында өтті.

Оған қатысу үшін Қазақстанға тұӊғыш рет АҚШ Қарулы Күштері үш түрініӊ жоғарғы сержанттық құрамыныӊ өкілдері келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны