12.01.2011, 15:28 3660

Тунисте наразы жастардың полициямен қақтығысында 21 адам қаза тапты

Тунисте наразы жастардың полициямен қақтығысында 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 12 - қаңтар. Kazakhstan Today - Тунисте наразы жастардың полициямен қақтығысында 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бұл ресми мәлімет адам құқын қорғаушы ұйымдар 50-ден аса адамның құрбан болғанын айтады.

Тунисте наразылық шерулер 2010-шы жылдың аяғынан бері жалғасып келеді. Тұрғындар жұмыс-сыздық пен азық-түлік бағасының өсуіне наразы. Жуырда 26 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жібергеннен кейін, жағдай ушыға түсті. Полиция рұқсатсыз көкөніс сатқаны үшін, марқұмның бар тауарын тәркілеген. Жағдайдың асқынып кетуіне жол бермеу үшін Тунис президенті сейсенбі күні елдегі барлық оқу орындарын жабуға бұйрық берген. Тунис халқының 60 пайызын 25 жасқа толмаған жастар құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны