16.02.2007, 16:25 4745

Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылдау қажет - табиғат қорғау мекемесі

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасын тұрақты дамуға көшіру жөніндегі 2007-2024-жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылдау қажет. Бүгін тұжырымдаманы сенат депататтарына таныстыру барысында еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тұрақты даму туралы" заңның жобасын тез арада жасау туралы бастаманың принциптік маңызы бар",- деп мәлімдеді Н.Ысқақов.

Оның пікірінше, мұндай заң "тұрақты дамуға көшудің негіздемелік шарттарын айқындап берер еді, соның ішінде тұрақты даму ұғымын және оның негізгі тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту, тұрақты дамудың Қазақстанның мемлекетттелігінің негізгі элементтеріне, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ролін айқындау, тұрақты даму саласындағы уәкілетті мекемеменің функцияларын белгілеу мүмкіндігі туар еді".

Сонымен бірге министрдің пікірінше, тұрақты дамуға қатысты басқа да "заңдар қоржыны" қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны