05.06.2012, 11:25 3519

Тұрғын үй құрылыс бағдарламасының аясында ірі панелді үйлер салу технологиясы енгізіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына ірі панелді үйлер салу технологиясын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына ірі панелді үйлер салу технологиясын енгізіп, құрылыс индустриясы саласында комбинаттар ашу жоспарлануда. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Беларусь, Германия және Ресей елдерінің тәжірибелері зерттелді.

"Үй салу комбинаттарын құрудың ұтымды тұстарына тоқталайын. 7 адам жұмыс істейтін комбинат бір ауысымда 750 шаршы метр өнім шығара алады", - деді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, республика бойынша құрылыс материалдарын өндіруге 1254 кәсіпорын жұмылдырылған, соның ішінде 199 ірі кәсіпорын бар. ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасының екі жылында жалпы құны 117 млрд. теңге болатын 85 жоба пайдалануға берілген. 2012-2014 жылдары жалпы құны 200 млрд.теңге болатын 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны