05.04.2017, 19:07 6361

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылордада депозитті тегін ашуға мүмкіндік береді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозитті тегін ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өӊірлік коммуникация орталығында өткен брифингте "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалы директорыныӊ орынбасары Айзат Ізтілеуова айтты.

Қызылорда. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозитті тегін ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өӊірлік коммуникация орталығында өткен брифингте "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалы директорыныӊ орынбасары Айзат Ізтілеуова айтты.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттырғаны үшін комиссия алынбайтын болды. Бұл өзгертулер 2017 жылдыӊ 3 сәуірінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі - шарттық соманыӊ және дипозиттіӊ арттыру сомасыныӊ 0,55 пайызды құрайтын.

- Тұрғын үй құрылысы жағынан біздіӊ облыс алғашқы орында келе жатқанын айта кетуіміз керек. Наурыз мерекесіне арналған шаралар аясында еліміз бойынша тұӊғыш рет Қызылордада "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған шағын аудан пайдалануға берілді.Бағдарламаныӊ шарты да жеӊіл. Салымшы есепшотқа баспана құныныӊ 30 пайызын енгізуі керек.Сонымен қатар тек облыс орталығы ғана емес, аудандағы тұрғындар да бағдарлама қатысушысы бола алады,- деді Айзат Ізтілеуова.

2017 жылдыӊ 18 наурыз бен 19 сәуір аралығында "Жергілікті атқарушы органдарда кредиттік тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы берілетін баспаналарға өтініштер қабылдау жүргізілуде. Тұрғындарға пәтерлер Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан №12,13 және И.Қашаубаев көшесі бойында орналасқан №1,2 көпқабатты 50 пәтерлік тұрғын үйлерден берілмек. Тұрғын үйдіӊ 1 шаршы метрі 140 мыӊ теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны