17.12.2017, 18:36 4849

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Алматы әкімдігі "Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасыныӊ қорытындысын шығарды

"Алматы Жастары" аясында тіркелген еӊ үлкен балл 162-ге, ал еӊ төменгі балл 72-ге теӊ. Бағдарламаға қатысушылардыӊ еӊ жасы 24-те.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - 100 адам "Алматы Жастары" пилоттық тұрғын үй бағдарламасыныӊ қатысушысы атанып отыр. Бүгін олардыӊ 25-і пәтер кілті мен сертификаттар алды. Жеӊілдетілген шарттармен баспаналы болған жас алматылықтарды Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) Басқарма төрайымыныӊ орынбасары Жанар Жұбаниязова құттықтады.

- "Алматы Жастары" бағдарламасы үлкен резонанс тудырды. Осы жылдыӊ қазан айында басталған жоба 10 жұмыс күні ішінде 6 657 өтінім қабылдады. Бұл статистика бағдарламаныӊ алматылықтар, банк салымшылары арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта жасы 18 бен 35 аралығындағы 80 000 алматылық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй аламын деп қаражат жинап жатыр. Ал қолжетімді несиені 30 000-дай мегополис тұрғыны ресімдеген. Яғни шотта ақша жинап, қолайына келетін нарық ұсынысын күтуге жастар дайын. Сондықтан оларға, әсіресе табысы жоғары емес азаматтарға жақын арада пәтер алуға мүмкіндік беретін "Алматы Жастары" секілді бағдарламалар қалаға қажет", - дейді Жанар Жұбаниязова.

"Алматы Жастары" бағдардарламасын жүзеге асыруға қала әкімдігі 1 млрд теӊге бөлді. Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатысты. Үміткерлер тізімін қала әкімдігі жасады. Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті 10 күн ішінде беріп үлгеру керек болатын. Құжаттар электронды түрде қабылданды, барлық процесс автоматты және ашық, айқын жүрді.

Үміткерлер пулы "Алматы Жастары" бағдарламасы үшін арнайы әзірленген балл жүйесіне сәйкес іріктелді. Ол жас алматылықтарды қолдауға арналған түрлі критерийлерді ескерді. Мәселен, балл деӊгейіне некеде тұрған жыл саны, балаларыныӊ бар-жоқтығы, жұмыс орны және еӊбек өтілі, кәсібі, жеке кәсіпкер ретіндегі жұмыс тәжірибесі, Алматы қаласында қанша уақыт тіркеуде тұрғандығы секілді шарттар әсер етті.

"Алматы Жастары" аясында тіркелген еӊ үлкен балл 162-ге, ал еӊ төменгі балл 72-ге теӊ. Бағдарламаға қатысушылардыӊ еӊ жасы 24-те.

Қатысушылардыӊ бірі Лаура Мұстафаева 96 балл жинаған. Өзі де, жолдасы да бюджет саласында жұмыс істейді. Бұған дейін қызметтік пәтерде тұрып келген екен. Бағдарлама туралы естіген соӊ, талаптарымен мұқият танысып, бірден өтінім берген.

- Кеӊ екі бөлмелі пәтер таӊдап қойдық, себебі екі баламыз бар. Үйдіӊ құны 14 000 000 теӊге, оныӊ 10 000 000-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5% болатын несие түрінде берді. Мұндай шарттарды басқа бірде-бір банк ұсынбайды, - деді "Алматы Жастарыныӊ" қатысушысы.

Лаура Мұстафаева секілді іріктеуден өткен басқа да үміткерлер жылдығы 5% болатын жеӊілдетілген заем алады. Жас алматылықтар қол жеткізе алатын еӊ жоғарғы несие сомасы - 10 млн теӊге. Заем тек жаӊа үй сатып алуға беріледі, оны бағдарлама қатысушысы өзі таӊдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны