28.10.2018, 13:56 4315

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ алматылық 1 500 салымшысы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында баспана иесі атанады

Бағдарлама арқылы берілетін үйлер "Жергілікті атқарушы органдар арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша Алатау ауданы, "Саялы" ықшамауданында салынып жатыр. Кешен 5 қабатты көппәтерлі үйлерден тұрады. Пәтерлер аумағы 29-84 шаршы метрі аралығында.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today -"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қала тұрғындарына қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.

Бағдарлама арқылы берілетін үйлер "Жергілікті атқарушы органдар арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша Алатау ауданы, "Саялы" ықшамауданында салынып жатыр. Кешен 5 қабатты көппәтерлі үйлерден тұрады. Пәтерлер аумағы 29-84 шаршы метрі аралығында.

Таза әрлеудегі пәтерлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы - 179 000 теӊге. Бұл Алматыдағы орташа нарықтық бағадан екі есе төмен.

Қолжетімді үй сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) салымшысы атанып, депозитке үй бағасыныӊ кем дегенде 20%-ын жинау немесе бірден аудару қажет. Бұл - "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысу талаптары. Ал берілетін заем бойынша жылдық мөлшерлеме 5%-ды құрайды.

Мысалы, бағасы 6,3 млн теӊге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшінбанктегі депозитке 1,2 млн теӊге жинау жеткілікті. Бұл жағдайда несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы 52 500 теӊгеге теӊ.

Қазір банк 886 пәтерден тұратын пул дайындады. Жыл соӊына дейін тағы 621 пәтер бойынша өтініш қабылдау жарияланады. Ал "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы сатылатын әр пәтерге 6 үміткерден келеді.

- Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдері мен бағдарламалары халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Осы жылдыӊ алғашқы 9 айыныӊ нәтижесі бойынша жалпы қазақстандық ипотекадағы біздіӊ банктіӊ үлесі 62%-ға теӊ. 26 000 азамат баспаналы болды, оныӊ 6 000-ы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй алды. Осы жылдыӊ соӊына дейін тек бір Алматыда ғана тағы 3 000 пәтер сатылады, оныӊ 1 500-і "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша беріледі. Бұл келтіріліп отырған деректер - елдегі әлеуметтік тұрғыдан еӊ өзекті мәселелердіӊ бірініӊ, яғни азаматтарды қолжетімді үймен қамтамасыз етудіӊ тиімді жолмен шешіліп жатқаныныӊ айқын мысалы, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы қалалық филиалыныӊ директоры Гүлзат Симтикова.

"Нұрлы жер" бойынша тұрғын үйлер 50/50 қағидасымен бөлістіріледі. Яғни пәтерлердіӊ кем дегенде 50%-ы әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі, ал қалған 50%-ы кезекте жоқ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында сатылады.

Бұл ретте кезекте тұрған азаматтарға да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы атанып, шот ашып, ақша жинау керек екенін айта кету керек.

Мемлекеттік бағдарлама үйлері жеӊілдетілген шарттармен берілетіндіктен, үміткерлерге қойылатын белгілі бір талаптар бар. Ол:

- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы;

- өтініш берушіде және оныӊ отбасы мүшелерінде соӊғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасыныӊ аумағында жеке меншік үйініӊ болмауы;

- Алматы қаласында соӊғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы;

- төлем қабілеттілігін растай алуы.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz порталынан білуге болады. Қолжетімді тұрғын үйден үміткер жеке кабинетіне кіріп, өзі пәтер алғысы келетін нысанды таӊдап, ұнаған пәтерді көрсетіп, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш береді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мемлекеттік бағдарламалардан бөлек "Өз үйім" атты банктіӊ жеке бағдарламасы бойынша, сондай-ақ үлестік құрылысқа қатысу арқылы баспана сатып ала алады. Үлестік құрылыс банк клиенттері үшін әрі тиімді, әрі қауіпсіз жүреді, себебі құрылыс салушы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорыныӊ кепілдігін алады, осыдан кейін барып Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісім бекітеді.

Мысалы, бұл бағытта банк клиенттері құрылысы жүріп жатқан "Алма сити" тұрғын үй кешенінен пәтер сатып ала алады. Мұндағы бастапқы әрлеудегі пәтерлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы - 165 000 теӊге, ал таза әрлеудегі үйлердіӊ 1 шаршы метрі - 224 000 теӊге. Пәтерлер аумағы 36,3-77,4 шаршы метр аралығында.

Жалпы алғанда 2019 жылдыӊ наурыз айында "Алма сити" тұрғын үй кешеніндегі бес қабатты үйлерден 600 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, тоғыз қабатты үйлердегі 1000-нан астам пәтер 2019 жылдыӊ шілдесінде салынып бітеді. "Алма ситиден" пәтер сатып алуға арналған займдарды 7% жылдық мөлшерлемемен ресімдеуге болады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған шот пен бастапқы жарна ретінде үй бағасыныӊ 20%-ы қажет.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1,2 миллионнан астам шот бар. Жыл басынан бері 285 197 жаӊа депозит ашылған. Барлық қазақстандықтардыӊ арасында үйге деп ақша жинауда алматылық салымшылар еӊ белсенді болып тұр. Статистикаға сәйкес, әрбір 10-алматылықта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салым бар. Алматы бойынша барлығы 169 000 депозит тіркелген. Осы уақытқа дейін 25 мыӊнан астам адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы Алматы қаласынан үй алған. Жыл басынан бері Алматы қалалық филиал қызметкерлері үй алуға деп 4 000 мыӊдай заем ресімдеді.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны