03.07.2014, 20:44 3761

Тұрғындар Астанадағы Ұлттық мұражайды 3-6 шілде аралығында тегін аралайды

Айта кетейік, кеше Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашқан болатын.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Елорданың 16 жылдығына орай барлық қала тұрғындары мен қонақтары музейді 3-6 шілде аралығында тегін аралай алады.

Айта кетейік, кеше Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашқан болатын.

7 залдан, 8 қабаттан тұратын музейден Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көруге болады. Атап айтар болсақ, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы бар.

Ирқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға берді.

Мұражай халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Экспозицияларды сақтап, климатты бақылайтын жарықтық-биологиялық қондырғылар жұмыс істейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны