18.02.2013, 09:16 3222

"Тұрғынүйқұрылысжинақбанк" бөлімшелерінде "қолжетімді баспана" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Астананың сол жағалауындағы "Евроцентр" ғимаратында орналасқан банк бөлімшесі алдында шамамен 500 адам кезекте тұр.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - "Тұрғынүйқұрылысжинақбанк" АҚ-ның елордадағы бөлімшелерінде адамдар таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезекке тұрған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астананың сол жағалауындағы "Евроцентр" ғимаратында орналасқан банк бөлімшесі алдында шамамен 500 адам кезекте тұр.

Банк клиенттерінің бірінің агенттік тілшісіне мәлімдеуінше, адамдар таңғы бестен бастап кезекке тұра бастаған.

"Банктегілер бізге күнде алпыс адамнан қабылдаймыз деп айтты, мен кезекте 176-шымын. Менеджерлер бір адамға бір сағат кететінін айтады. Мүмкін тездетер деген үміттеміз. Кезегіміз өтіп кетпесін деп тұрмыз", - дейді Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшысы.

Банк клиенттерінің айтуынша, қала бойынша басқа бөлімшелерде де осындай жағдай орын алған.

"Мен таңертеңмен "Евразиядағы" бөлімшеге бардым, онда адам мұнан да көп", - дейді кезекте тұрған бір әйел.

Өткен аптада банк Астанада, Семейде тұрғын үй сатып алушылардың жаңа тобын құруға кіріскендерін мәлімдеді.

"Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан үшінші санатты жайлы үйлерді сатып алушылар қатарына өтініш қабылдануда.

Бүгін басталған өтініш қабылдау 18 сәуірге дейін жалғасады.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Тұрғынүйқұрылысжинақбанктің Астанадағы орталық филиалының директоры Айжан Медеуова мәлімдегендей, мұндай жағдай банктің өтініш қабылдау шарттарын клиенттердің дұрыс түсінбеуінен туындаған.

"Пулға", яғни сатып алушылар тобын құруға өтініш қабылдау басталды. Икімдік пен банк арасында келісім жасалды, әкімдік үй салады, біз салымшылар пулын құрамыз. Қазір Астанадағы үш нысанға 1013 пәтерге өтініш қабылдауға кірістік. Өтінішті екі ай бойы қабылдаймыз. Ирбір адам осы уақыт аралығында келіп, құжат тапсыра алады. Халық бұл жағдайды түсінбей, кім тезірек құжат тапсрыса, сол үй алады деп ойлайды. Таңдау жүйесі өтініш қай күні тапсырылғанына қарамастан, балл бойынша жүргізіледі", - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны