08.09.2015, 18:59 3968

Түрік әскери қызметшілері қазақстандық курсанттардыӊ ұшу даярлығына жоғары баға берді

Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтына Түркия Республикасы әскери қызметшілерініӊ делегациясы сапар шекті. Аға лейтенант Иасин Булич пен Ыстамбұл Искери-әуе күштері Искери академиясыныӊ үш курсанты қазақстандық курсанттардыӊ өмірімен, тұрмысымен, оқу үдерісі және практикалық ұшу даярлығымен етене танысты

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтына Түркия Республикасы әскери қызметшілерініӊ делегациясы сапар шекті. Аға лейтенант Иасин Булич пен Ыстамбұл Искери-әуе күштері Искери академиясыныӊ үш курсанты қазақстандық курсанттардыӊ өмірімен, тұрмысымен, оқу үдерісі және практикалық ұшу даярлығымен етене танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ИҚК Искери институтыныӊ бастығы полковник Марат Ботин, сондай-ақ курсанттар Орта Азиядағы бірден-бір Искери ұшу институтыныӊ құрылу тарихы туралы айтып берді, қазіргі уақытта МИ-8 тікұшақтарында курсанттардыӊ оқу-жаттықтыру ұшулары өтіп жатқан далалық әуеайлақты көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Қазақстандық курсанттар екінші курстан бастап ұшатындарына таӊырқап отырмын. Олар реактивті және көліктік ұшақтар мен тікұшақтарды меӊгереді. Институтты аяқтауға жақын қалғанда мол практикалық тәжірибесі және ұшу сағаттары болады", - деп атап өтті аға лейтенант Иасин Булич.

Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институты таяу және алыс шет елдерініӊ әскери жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға ерекше көӊіл бөледі. Бүгінгі таӊда жоғары оқу орны майдандық, көліктік және армиялық авиация авиациялық мамандарыныӊ 1 700-ден астам офицерініӊ шығарылымын жүзеге асырды. Олардыӊ барлығы Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ бөлімдерінде қызмет атқарып жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны