03.04.2007, 16:36 3076

Түрік компаниясының сальмонеллез жұқтырған қызметкерлері бір-екі күнде ауруханадан шығып жұмысқа кіріседі - денсаулық сақтау министрі

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Түркияның "Гате Иншаат" компаниясының сальмонеллез жұқтырған қызметкерлері бір-екі күнде ауруханадан шығып жұмысқа кіріседі. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінде зардап шеккендердің денсаулық ахуалы тұрақтанды, науқастардың бәрі де ауруханадан шығарылуға тиіс, алдағы бір-екі күнде олар жұмысқа кіріседі",- деді А.Дерновой.

Министр осы орайда "Атырауда болған оқыс оқиға салдарынан Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясының 497 жұмысшысы сальмонеллез жұқтырғанын, олардың бәрі де 27-сәуірде зауыт асханасында тамақтанғанын" еске сала кетті.

"Аурудың таралу себептеріне келсек, осынау түрік компаниясының тамақ жасайтын бөлімінде жұмыс істейтіндердің арасында сальмонеллез дертінің қоздырғышын таратушы болған, ол азық-түлік өнімдерімен тікелей жұмыс істеуге байланысты тамақты пісіру мен тарату барысында індеттің жаппай жұғуына себепкер болған",- деді министр. "Зертханалық мәліметтерге негізделген алдын-ала тексеру қорытындысы көрсеткендей, жұқпалы дерттің таралу көзі - асхана мен кухня қызметкерлері болғаны дәлелденді", деді ол.

А.Дерновойдың айтуынша, "жұқпалы дерт белең алған алғашқы тәулікте денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық санитарлық-эпидемилогиялық станциядан құрылған арнаулы комиссия тексерулерге аттанған". "Қазір тексерулер жалғасып жатыр. Біз осындай ауқымды ұжымдарда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау шараларының талабы сақталуына қойылатын бақылауды күшейтуге қадамдар жасап жатырмыз",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны