14.03.2007, 16:50 3345

Түрікмен әйелдері көктемгі ұлттық мереке қарсаңында ел президентінен сыйлықтар алады

АЛМАТЫ. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Түрікменстанның барлық әйелдері көктемгі ұлттық мереке қарсаңында ел президентінен сыйлықтар алады. Ақшалай сыйлықтар тарату туралы қаулыға елдің жаңа президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Turkmenistan.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, құжатта кәсіпорындарда, барлық меншік үлгісіндегі ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін әйелдерге, зейнеткерлерге, мемлекеттен жәрдемақы алатын әйелдерге, студенттерге, мектеп оқушылары мен мектепке жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерге мемлекет басшысының атынан 200 мың манат (40 доллар) көлемінде ақшалай сыйлықтар тарату бұйырылған.

Түрікменстанда көктемгі ұлттық мереке наурыздың 20, 21 және 22 жұлдызында аталып өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны