21.02.2007, 18:32 2941

Түрікменстанда үкімет мүшелері алты айлық сынақ мерзімімен тағайындалды

АЛМАТЫ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Түрікменстанда жаңа үкіметтің мүшелерін мемлекет басшысы Гурбангулы Бердымухаммедов алты айлық сынақ мерзімімен тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі осы елдің басылымдарына сілтеме жасап.

Жоғары лауазымға тағайындалған министрлер мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындаған жағдайда "басқа қызметке тағайындалмай, орындарынан босатылады", делінген Түрікменстан президентінің жарлығында.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Түрікменстан президенті Ходжамұрат Гельдимырадовты экономика және қаржы министрі, Гурбангельды Мелекеевті сауда және тұтыным кооперациясы министрі, Ыклымберди Паромовты тоқыма өнеркәсібі министрі, Джемал Геокленованы министр -"Туркменхалы" мемлекеттік акционерлік корпорациясының төрайымы, Гурбанмырат Атаевты мұнайгаз өнеркәсібі және минералдық ресурстар министрі, Гарягды Ташлиевті министр- "Туркменнебит" мемлекеттік концернінің төрағасы, Эсенмырат Оразгельдиевті ауылшаруашылығы министрі, Мыратгельды Акмаммедовты су шаруашылығы министріне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойған.

Ауылшаруашылығына өндірістік қызмет көрсету жөніндегі "Туркменобахызмат" акционерлік қоғамдардың қауымдастығын Шерип Таджов, азық-түлік өнеркәсібі қауымдастығын Нокергулы Атагулыев, балық шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитетті Тойлы Комеков, "Туркменпагта" мемлекеттік концернін Аннамухаммет Мухадов, "Туркмен атлары" мемлекеттік бірлестігін Аннагулы Нургельдыев басқаратын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны