07.09.2016, 17:44 4665

Туристер арасында танымал Алматы облысыныӊ Алакөл ауданында жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды

Ауылдық амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теӊге бөлінді.

Талдықорған. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Туристер арасында танымал Алматы облысыныӊ Алакөл ауданында жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ ресми сайты.

"Жуырда Алматы облысыныӊ Алакөл ауданы Ақши елдімекенінде жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды. Елдімекен тұрғындарыныӊ саны аз болғанымен, жаз маусымында туристер көп келетін кезде тұрғындардыӊ саны бірнеше есе өседі. Осыған байланысты облыс әкімініӊ тікелей тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен Алакөл ауданына қарасты Ақши елдімекенінде жаӊа заманауи дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданған еді. Бүгінгі күні сол тапсырма іске асып, ауылда жаӊа денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді",- деп хабарлайды әкімдік.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, ендігі жерде туристер мен жергілікті тұрғындар жедел жәрдемді көп күтіп сарылмайды, ал бұған дейін жедел жәрдем Ақшиден 30 шақырым жердегі Көктума кентінен келетін.

Жаӊа ауылдық дәрігерлік амбулаторияда соӊғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылар орнатылған. Мұнда науқастар мен медициналық көмекке жүгінген азаматтарға сапалы амбулаториялық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Ауылдық амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 163,9 млн. теӊге бөлінді. Жұмыстарды "ЭЛМ" ЖШС жүргізді.

Нысанныӊ салтанатты ашылуында Алакөл ауданыныӊ әкімі Илібек Жақанбаев құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Ырғайты ауылдық округініӊ Ақсақалдар кеӊесініӊ төрағасы, Алакөл ауданыныӊ Құрметті азаматы Инуарбек Изімханов та көпшілікке өзініӊ жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны