23.01.2007, 15:30 3076

Туризм министрінің пайымдауынша, елімізге туристер ағылуы үшін баламалы әуе компанияларын ашу қажет

АСТАНА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Еліміздің туризм және спорт министрі пайымдауынша, елімізге туристер ағылуы үшін баламалы әуе компанияларын ашу қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ел ішінде билет құны аса жоғары. Осындай жағдайда біздің елімізге туристер ағылады деп айта алмаймыз. Ол үшін елімізде баламалы әуе компанияларын ашу қажет ",- деді туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов мекеменің алқа мәжілісінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке арнаған сөзінде.

"Сонымен бірге мен еліміздің туристік автобустарды сатып алғанын қалар едім. Бізге бұған қоса оқушылар мен студенттердің демалыс кезінде ел өңірлерінен Астанаға саяхаттап келуі үшін вагондар қажет. Қазір билеттер айтарлықтай қымбат болмағанымен, оларды мереке немесе демалыс күндері сатып алу өте қиын",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны