06.02.2017, 18:39 4613

Түркі академиясы "Жойылып бара жатқан түркі тілдері" атты көптомдық еӊбекті таныстырмақшы

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 2017 жылғы 7 ақпан күні "Жойылып бара жатқан түркі тілдері" атты көптомдық еӊбекті, сондай-ақ Арал теӊізініӊ тағдырына арналған деректі фильмді қалыӊ көпшілікке таныстыруды жоспарлап отыр.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 2017 жылғы 7 ақпан күні "Жойылып бара жатқан түркі тілдері" атты көптомдық еӊбекті, сондай-ақ Арал теӊізініӊ тағдырына арналған деректі фильмді қалыӊ көпшілікке таныстыруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, алқалы жиында Академияныӊ Моӊғолиядағы Шивээт Улан ғұрыптық кешеніне жасаған ІІ халықаралық археологиялық экспедициясыныӊ ғылыми жаӊалықтары мен қорытындылары таныстырылады.

Бұл салтанатты шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері, Қазақстан мен шет елдерден келген белгілі түркітанушы, әдебиетші, тарихшы ғалымдар, дипломаттар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысады.

Іс-шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, "Мырзатай Жолдасбековтіӊ мемориалдық кітап коллекциясы" залында, сағ.11.00-де өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны