08.05.2018, 21:08 3612

Түркия елінде "Яссауи мұралары және Түркістан" көрмесі ашылды

Аталған шара "Кастамону-Түркі әлемініӊ мәдени астанасы" жылы мен "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Астана. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Түркия Республикасыныӊ Кастамону қаласында "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-м?дени қорық-музейініӊ "Яссауи мұралары және Түркістан" көрмесі ашылды. Бұл туралы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-м?дениқорық-музейініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара "Кастамону-Түркі әлемініӊ мәдени астанасы" жылы мен "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеге Қожа Ахмет Яссауидіӊ және Құл Азимніӊ хикметтері, шамамен 1845 жылдары жазылған, 326 беттен тұратын Қожа Ахмет Яссауидіӊ "Диу-ани Хикмет" кітабыныӊ түпнұсқасы, С.Бақырғанидыӊ "Диуан" жазбасы, Ясауи хикметтеріне ұқсас парсы тілінде жазылған Иулие Биделдіӊ "Диуани Бидел" хикметтері, шамамен ХҮІІІ ғ. аяғында түркі тілінде жазылған "Диуани Хикметтен" кейінгі Яссауиге қатысты құнды кітап - Бустан уль-Мухиббин қолжазбасы мен көптеген құнды жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи және Түркістан жайындағы суреттер мен қатар Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тарихи, киелі орындарын бейнелейтін 100-ден аса туындылар да түркітілдес елдер назарына ұсынылуда.

Түркі жұрты бас қосқан тарихи шараға Кастамону қаласыныӊ әкімі Тахсин Бабаш пен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымы бас хатшысыныӊ орынбасары Фырат Пурташ және "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-м?дени қорық-музейініӊ директоры Нұрболат Ахметжанов қатысып, көрменіӊ салтанатты түрде лентасын қиды.

"Түркістаннан жеткен туындылар барша түркі жұрты үшін еӊ маӊызды жағдай. Қожа Ахмет Яссауидіӊ өмірі мен тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен бірге қасиетті бабаныӊ да рухы жеткендей ерекше әсердеміз. Барша Түркия елін, Кастамону қаласыныӊ халқы мен бүгінгі жиынға қатысушы қонақтарды тарихи көрменіӊ ашылуымен шын жүректен құттықтаймын"-деді, Кастамону қаласыныӊ әкімі Тахсин Бабаш.

"Киелі Түркістаннан жеткен тарихи жәдігерлерді құрмет тұтып, бас ие келген халықтыӊ да қарасы өте мол. Айтулы жылдарға орай ұйымдастырылған көрме аясында "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-м?дени қорық-музейі ғана емес, Оӊтүстіктіӊ тарихи орындары да кеӊінен насихатталуда",-дейді Н.Ахметжанов.

"Яссауи мұралары және Түркістан" көрмесі ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымыныӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдыӊ 15 мамырына дейін Түркия Республикасыныӊ Кастамону, Анкара, Стамбул қалаларында өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны