12.12.2016, 12:35 4737

Түркия Республикасыныӊ халықаралық телеарнасы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ дамуы туралы фильм түсірді

Таяуда Оӊтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасыныӊ "TRT AVAZ" халықаралық телеарнасыныӊ түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өӊірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу барысы, жалпы аймақтыӊ даму көрсеткіштері мен Түркістан туралы фильм түсірді

Шымкент. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Таяуда Оӊтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасыныӊ "TRT AVAZ" халықаралық телеарнасыныӊ түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өӊірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалу барысы, жалпы аймақтыӊ даму көрсеткіштері мен Түркістан туралы фильм түсірді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оӊтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өӊіріміздіӊ экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарыныӊ жайын жер-жаһанға көрсетпек.

Өӊірімізге жасаған сапарында "TRT AVAZ" телеарнасыныӊ шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алды. Онда әкім өлкемізді дамытудағы болашақ жоспарларымен бөлісіп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанныӊ оныӊ ішінде қонақжай Оӊтүстіктіӊ туристік мекендерін тамашалауға шақырды.

"TRT AVAZ" халықаралық телеарнасы Түркия Республикасыныӊ 7 тілде, соныӊ бірі қазақ тілінде хабар тарататын еӊ ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер - Изербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардыӊ ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады.

Халықаралық түрік телеарнасымен Қазақстан тарапы 2012 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған телеарнадағы жаӊалықтар циклініӊ үздіксіз жүруіне еліміздегі "Қазақстан" ұлттық арнасыныӊ ұжымы ұдайы көмектесіп келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны