09.03.2010, 17:38 2903

Түркияда болған жер сілкінісі құрбандарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Түркияда болған жер сілкінісі құрбандарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Түркияда болған жер сілкінісі құрбандарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, Түркияда болған жер сілкінісі құрбандары мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ ", - деді А. Ибдірахманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Түркияда жер сілкінісінің салдарынан 57 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Түркияда бүгін зілзала құрбандарын жерлеу рәсімі басталады. Қаза тапқандардың тізімінде 57 адам бар, ал 70-тен астам адам жараланды.

Магнитудасы 6,2 балл бірінші жер асты дүмпулері кеше таңертең Анкарадан шығысқа қарай бес жүз шақырымда тіркелген. Бірнеше минуттың ішінде алты ауыл қирап, жүздеген үй құлады. Илсіз жер асты дүмпулері кеше күні бойы жалғасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны