04.08.2017, 19:26 4002

Түркияда ментальді математикадан өткен халықаралық олимпиадада Ақмола облыстық оқушы гран-при жүлдесін жеӊіп алды

Көкшетаудан барған оқушылардыӊ қадамдары сәтті болды. №19 орта мектептіӊ 4 сынып оқушысы Сейілхан Қоқышев Гран-при жүлдесіне ие болса, Аружан Шолпанқұлова, Жанасыл Қайыргелді, Медина Котырева, Шыӊғыс Илқожа, Ерік Серіктер бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, алты оқушы екінші орыннан көрінсе, 10 оқушы үшінші орынға қол жеткізді.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Түркияда ментальді математикадан өткен халықаралық олимпиадада Ақмола облыстық оқушы гран-при жүлдесін жеӊіп алды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Таяуда Түркияда ментальді математикадан халықаралық олимпиада өткізілген болатын. Төрткүл дүниені елеӊдеткен дүбірлі додаға Ресей, Украина, Изербайжан, Өзбекстан, Болгарияныӊ жүзден жүйрік, мыӊнан тұлпар атанған кіл мықтылары қатысты. Осы бір өзгеше өнердіӊ өрендері бойларындағы табиғи дарын-қабілеттерін таразы басына тартқан тартысты сайысқа Көкшетау қаласыныӊ "Білім әлемі" орталығыныӊ шәкірттері де қатысты. Бір қуаныштысы, Көкшетаудан барған оқушылардыӊ қадамдары сәтті болды. №19 орта мектептіӊ 4 сынып оқушысы Сейілхан Қоқышев Гран-при жүлдесіне ие болса, Аружан Шолпанқұлова, Жанасыл Қайыргелді, Медина Котырева, Шыӊғыс Илқожа, Ерік Серіктер бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, алты оқушы екінші орыннан көрінсе, 10 оқушы үшінші орынға қол жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны