10.09.2018, 21:21 4674

Түркияда шала туған Қазақстан азаматшасы екі айлық қыз бала елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды

Ұшу барысында баланы санитариялық авиация қызметініӊ ұтқыр бригадасыныӊ мамандары алып жүрді. Ирі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта, бала дәрігерлердіӊ бақылауында.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан азаматшасы және оныӊ екі айлық қызы Анталия қаласынан (Түркия) елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды.

2018 жылғы 30 маусым демалыста болған Қазақстан азаматшасыныӊ мерзімінен бұрын босануы басталды. Қыз бала шала туды. Жағдайы тұрақты болғаннан кейін, сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығы және ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, барлық қажетті медициналық құжаттар алынғаннан соӊ бүлдіршін мен анасын отанына тасымалдау үдерісі басталған болатын.

Ұшу барысында баланы санитариялық авиация қызметініӊ ұтқыр бригадасыныӊ мамандары алып жүрді. Ирі қарай қажетті көмек алу үшін нәресте анасымен бірге Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта, бала дәрігерлердіӊ бақылауында.

Саниариялық авиация құрылғаннан бергі соӊғы 5 жыл ішінде ауыр халде жатқан 49 Қазақстан азаматы шетелден отанына тасымалданғанын айта кетейік. Таяу және алыс шет елден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет қаржаты есебінен жүзеге асырылды.

Шетелде жүрген кезінде шұғыл жағдайлардыӊ пайда болу қаупін төмендету мақсатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі жол жүру алдында жан-жақты медициналық тексеруден өтуді және дәрігердіӊ қорытындысын алуды ұсынады. Денсаулығы үшін қауіп болған жағдайда сақтандырудыӊ тиісті кеӊейтілген бағдарламасымен медициналық сақтандыру рәсімдеу ұсынылады. Сақтандырусапардыӊ барлық ықтимал бағыттарын, денсаулық жағдайына байланысты жедел отанына қайтаруды, емдеуді, ауырған /жазатайым оқиға және т. б. жағдайда ауруханаға жатқызуды жабуы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ ұсынымынасәйкес дәрігердіӊ ұсынымына ерекше назар аудару керек:

o жүкті әйелдерге. Осы санаттағы азаматтар үшін сақтандыру компаниялары қарастырған арнайы кеӊейтілген сақтандыру бағдарламасы. Шетелге шығатын жүкті әйелдерге кеӊейтілген сақтандыру мерзімінен бұрын босану кезіндежүктіліктіӊ жіті асқынуларытуындаған кездегі медициналық шығыстарға байланысты, сондай-ақ, бала күтіміне бағытталған шығыстарға байланысты қосымша жағдайларды қамтиды.

o жаӊа туған туған нәрестелермен жолаушыларға;

o балаларменжолаушыларға;

o қарт адамдарға;

o мүгедектігі бар жолаушыларға;

o иммунитеті төмен адамдарға;

o жақында хирургиялық операция жасалған адамдарға;

o созылмалы аурулары бар адамдарға;

o кез- келген хирургиялық ауру, онкологиялық және гематологиялық аурулары бар және т. б.жолаушыларға.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны