03.06.2015, 13:39 3747

Түркиядағы 1000-ға жуық қазақстандық өз қонақ үйлерiнен қуылуы мүмкiн

Қазақстандық iрi туроператор "Travelsystem" компаниясы өз жұмысын тоқтатуына байланысты 1000-ға жуық қазақстандық өз қонақ үйлерiнен қуылуы мүмкiн. Бұл жөнiнде ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментiнiӊ директоры Тимур Дүйсенғалиев мәлiмдедi

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандық iрi туроператор "Travelsystem" компаниясы өз жұмысын тоқтатуына байланысты 1000-ға жуық қазақстандық өз қонақ үйлерiнен қуылуы мүмкiн. Бұл жөнiнде ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментiнiӊ директоры Тимур Дүйсенғалиев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгiн түнде қазақстандық iрi туроператор "Travelsystem" компаниясы өз жұмысын тоқтатты. Өкiнiшке қарай, компания басшысы Еуропаға ұшып кеттi. Компания офисi бүгiннен бастап жұмыс iстемейдi. Бiздегi мәлiмет бойынша, компания шетелдiк серiктестерiне тиiстi қаражатты төлемеуiне байланысты шамамен 600-ден 1000-ға дейiн адам Түркиядағы өз қонақ үйлерiнен шығарылуы мүмкiн", - дейді Тимур Дүйсенғалиев, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ол аталған компанияныӊ Эйр Астана компаниясымен келiсiм-шарты болғандықтан, мұндай жағдай болады деп күтпегенiн мәлiмдедi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны