20.07.2015, 17:46 3719

Түркиядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті

Түркияныӊ Сириямен шектесетін Суруч қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Түркияныӊ Сириямен шектесетін Суруч қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлады "ВВС" агенттігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

БАҚ ақпаратынша, 100-ге жуық адам жараланған. Билік жапа шеккендердіӊ саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осыған дейін жарылыстан кем дегенде он адам қаза тауып, одан да көп адам зардап шеккені хабарланған.

Суруч "Ислам мемлекеті" содырлары мен күрд әскерлері қақтығысқан Сирияныӊ Кобани қаласына жақын орналасқан.

Кобани - күрдтер тұратын стратегиялық маӊызды қала. "ИМ" содырлары өткен жылы қалаға шабуыл жасап, он мыӊдаған адам Түркияға қашқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны