08.11.2018, 17:37 5928

Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын енгізбекші болған Өзбекстан азаматшасы ұсталды

Дәл осындай себеппен "Қазығұрт" тексеріп-өткізу пунктініӊ шекарашылары Өзбекстаннан біздіӊ елімізге кірмекші болған үш Шевроле автокөліктерін ұстады.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметі, "Оӊтүстік" Өӊірлік басқармасына қарасты "Шымкент авиа" тексеріп-өткізу пунктінде шекара наряды Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын енгізбекші болған Өзбекстан азаматшасын ұстады.

Стамбұл -Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген әйелдіӊ өзін-өзі ұстауы шекарашыларға күдікті болып көрінді. Азаматшаныӊ жеке заттарын тексеру барысында оныӊ қол жүгініӊ арасынан алтын бұйымдар - 17 жүзік, 24 сырға және 5 дана кулон шықты. Ұсталу себебі -алып өтуге рұқсат етілген заттар мөлшерін асыру.

Дәл осындай себеппен "Қазығұрт" тексеріп-өткізу пунктініӊ шекарашылары Өзбекстаннан біздіӊ елімізге кірмекші болған үш Шевроле автокөліктерін ұстады. Автокөліктердіӊ жүргізушілері Өзбекстан азаматтары. Үш автокөлікте де қымбат бағалы керамикалық ыдыс-аяқ тиеліпті. Жалпы саны 2480 дана. Тәркіленген заттар актіленіп кедендік орындарға тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны