25.05.2016, 21:12 4118

Түркіменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Көршілес елдіӊ басшысы шекара маӊындағы өӊірлерге жұмыс сапарымен баруына байланысты Түркіменстанда шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сондықтан 2016 жылдыӊ 29 мамырына дейін жеӊілдетілген тәртіпте республикаға баратын шетел азаматтары уақытша кіргізілмейді

Ақтау. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Көршілес елдіӊ басшысы шекара маӊындағы өӊірлерге жұмыс сапарымен баруына байланысты Түркіменстанда шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сондықтан 2016 жылдыӊ 29 мамырына дейін жеӊілдетілген тәртіпте республикаға баратын шетел азаматтары уақытша кіргізілмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, Маӊғыстау облысында тұратын Қазақстан азаматтары Түркіменстанныӊ Балқан уәлаятына 5 тәулікке дейін визасыз кіре алады. Қазақстан азаматтарыныӊ тұратын орны жеке куәліктегі (төлқұжаттағы) тұрғылықты мекен-жай белгісі негізінде анықталады. Түркіменстан Республикасыныӊ ұлттық заӊнамасына сәйкес, тиісті тәртіпте виза ресімдеген азаматтар елде көбірек жүре алады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазір қазақстандық-түркімендік шекарада "Темір-баба" автомобильді өткізу бекеті орналасқан. Онда кеден бекеті мен "Болашақ" теміржол кедендік бекеті орналасқан. "Темір-баба" шекара маӊындағы өткізу бекеті Қарақия ауданында Ақтау қаласынан 335 шақырым жерде орналасқан. "Болашақ" теміржол кедендік бекеті автомобильдерді өткізу бекетінен 80 шақырым жерде орналасқан", - деді Маӊғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыру-қаржылық басқармасыныӊ басшысы Мақсат Ақмұратов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны