21.12.2007, 18:33 3015

Түркіменстанда С. Ниязовтың жылдығына байланысты қаралы шаралар өтуде

Түркіменстанда С. Ниязовтың жылдығына байланысты қаралы шаралар өтуде

Мәскеу. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстанда осы елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың қаза болуының бір жылдығына байланысты қаралы шаралар өтуде, деп хабарлайды агенттік Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, негізгі қаралы шаралар Ниязовтың туған ауылы - Қыпшақ ауылында өтеді. Онда елдің бірінші президентінің отбасылық кесенесі орналасқан. Онда Ұлы Отан соғысында опат болған Туркменбашының әкесі де мәңгілікке байыз тапқан. Сондай-ақ, 948 жылы Ашхабад жер сілкінісінде қаза тапқан президенттің анасы мен екі ағасы жерленген.

Кесенеге ел басшылығы, Түркіменстан велаяттардың өкілдері мен жұртшылық өкілдері келіп, гүл шоқтарын қойып, құран оқытып, бірінші президенттің құрметіне құрбандық шалынды.

Түркіменстанның бірінші президенті, елдің Халық кеңесінің төрағасы, Түркіменстан Демократиялық партиясының жетекшісі Сапармұрат Ниязов 2006 жылдың 21 желтоқсанында 66 жасында жүрек дертінен қайтыс болды.

Сол кезде мемлекет басшысы қызметін атқару ел үкіметі төрағасының орынбасары Гурбангулы Бердымухамедовқа жүктеліп, ол Түркіменстан тарихында алғаш рет баламалы президент сайлауында, осы жылдың ақпан айында жеңіске жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны