05.08.2008, 16:46 1410

Түркіменстандағы Қарақұм шөлінің ортасынан газдың жаңа кеніші табылды

Түркіменстандағы Қарақұм шөлінің ортасынан газдың жаңа кеніші табылды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан астанасынан солтүстік-батыс бағытқа қарай 110 шақырым жерде Орталық Қарақұмда орналасқан Оңтүстік Гутлыаяк алаңынан тәуліктік дебиті 200 мың текше метрден асатын газ бен газ конденсатының өнеркәсіптік ағыны алынды. Бұл туралы "Түркіменгеология" мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Түркіменстан. Ру" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Түркіменгеология" мемлекеттік корпорациясы атап көрсеткендей, Оңтүстік Гутлыаяк - айтарлықтай ірі газды- конденсатты кен орны. Геофизикалық зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек, мұнайлы газды Кырк-Гозли ауданындағы алғашқы ұңғыны сәтті бұрғылау аумақтың айтарлықтай әлеуеті бар екендігін тағы да дәлелдей түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны