25.06.2018, 22:35 4332

Түркістан қаласы әкімі лауазымына Иліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды

Сондай-ақ, қала әкіміне Түркістан қаласыныӊ Бас жоспарын тездетіп әзірлеуді, заман талабына сай қаланыӊ даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдіруді және тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланыӊ инфрақұрылымын қалыптастыруды тапсырды.

Шымкент. 25 маусым. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ өкімімен ҚР Президенті әкімшілігініӊ және Түркістан қалалық мәслихатыныӊ келісімімен Түркістан қаласы әкімі лауазымына Иліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. Облыс басшысы қала активін облыс орталығы болып Түркістан қаласыныӊ бекітілуімен құттықтап, шаһар басшысын таныстырды.

И.Өсербаев 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер-химик-технолог. Еӊбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытыныӊ машинисті ретінде бастаған. 1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасыныӊ инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, "Қуат Суиндустрия" АҚ, "KazakhConstruction Industry" АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарыныӊ директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысыныӊ міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімініӊ меӊгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерініӊ орынбасары, Түркістан қаласыныӊ әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы, Оӊтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласыныӊ әкімі болып лауазымдарын атқарған. 2017 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары лауазымында қызмет етіп келді.

Өӊір басшысы Жансейіт Қансейітұлы тарихи әрі сындарлы кезеӊде Түркістан қаласыныӊ әкіміне және әкімдік құрылымдарына артылатын жауапкершіліктіӊ жүгі ауыр екендігін жеткізді.

"Түркістанға "тек қазақ елініӊ ғана емес, бүкіл түркі жұртыныӊ зиярат жасайтын қастерлі орны", - деп баға берген Елбасы оныӊ рухани өмірінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ үлкен орны бар екенін, тарихы тереӊ Түркістанныӊ туризм үшін де маӊыздылығы ерекше екендігін және қаланыӊ тоғыз жолдыӊ торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы екендігін баса айтты, демек осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, қала әкіміне Түркістан қаласыныӊ Бас жоспарын тездетіп әзірлеуді, заман талабына сай қаланыӊ даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдіруді және тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланыӊ инфрақұрылымын қалыптастыруды тапсырды.

Бұдан өзге, өӊір басшысы Жансейіт Қансейітұлы индустриалды аймақта орналасатын инновациялық-инвестициялық жобаларды көптеп тарту, шағын және орта бизнесті жетілдіре отырып, өндірісті дамыту, қаланыӊ логистикалық мүмкіндігін арттыру, қаланы туризм орталығы ретінде дамыту бойынша нақты шараларды қабылдау қала әкімініӊ басты ұстанымы болуы керектігін айтты.

"Еӊ бастысы Түркістанды еліміздіӊ рухани тірегі екендігін ұмытпауымыз қажет. Осы тұрғыда бүкіл түркі әлемі көз тіккен жауһар қаладағы әрбір өткізілген іс-шаралар мен тарихи оқиғалар егемен еліміздіӊ мерейі екендігі әрқашанда жадымызда болуы тиіс", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Жиын соӊында өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев тарихи кезеӊ тоғысында Түркістан облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір топ белсенді азаматтарды марапаттады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны