27.09.2018, 17:56 3651

Түркістан қаласына "Абылай ханныӊ қара жолы" экспедициясы келіп жетті

Үш көлікпен сапарға шыққан 10 азамат 18-ші ғасырдағы "Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан" керуен жолымен мыӊдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласыныӊ тарихын зерттеген.

Түркістан. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан қаласына "Абылай ханныӊ қара жолы" экспедициясы келіп жетті. Бұл экспедиция Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 2018 жылғы 17 қыркүйек күні Бурабайдағы Абылай хан алаӊынан бастау алған.

Үш көлікпен сапарға шыққан 10 азамат 18-ші ғасырдағы "Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан" керуен жолымен мыӊдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласыныӊ тарихын зерттеген. Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы бұл іс-шараныӊ мақсаты туралы кеӊінен айтып берді.

- "Абылайханныӊ қара жолы" жобасыныӊ ата-бабалар тарихын жаӊғыртудағы маӊызы зор. Біздіӊ тобымызда тарихшы, географ, өлкетанушы ғалымдар мен тілшілер және зиялы қауым өкілдері бар. Олар жол бойындағы ауылдарға соғып, аӊыз-әӊгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірді. Сапар қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жарық көреді. Экспедиция бүгін Абылай хан мәӊгі қоныс тепкен ұлы шаһар - Түркістанға келіп отыр. Түркістан облысы құрылып, шежірелі қаланыӊ жаӊа дәуірі басталып жатыр екен. Сіздерді осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын. Түркістанныӊ қазақ тарихында орны ерекше, - деді экспедиция жетекшісі.

Жиында экспедицияныӊ өзге қатысушылары да тарих, өлкетану жөнінде келелі ойларын айтып, Түркістан қаласыныӊ болашағы жарқын болатынына сенімдерін білдірді. Өз кезегінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ніӊ оқытушысы Гаухар Пірімбетова Абылай ханныӊ қара жолы солтүстік пен оӊтүстікті байланыстырған еӊ төте жол болғандығын жеткізді.

"Хан оны саяси және экономикалық мүддеде пайдаланған. Жалпы Абылайға қатысты "Абылайдыӊ қара жолы", "Абылайдыӊ қара қосы" деген ұғымдар күні бүгінге дейін ұрпақтар санасында жаӊғыра отырып жеткен. "Қара" деген сөздіӊ өзі қазақ тілінде "қасиетті", "көне", "үлкен", тағы басқа мағыналарды беретінін ескерсек, "Абылайдыӊ қара жолы" тіркесініӊ мағынасын - жалпыға мәлім даӊғыл керуен жолы деп түсінуге болады" - деп атап көрсетті ол.

Осы экспедицияда аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, сапардан соӊ Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны